15 Июня 2016

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 17 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Шымкент қаласы, «Онтүстік-Стандарт» ЖШС-нің сәйкестікті растау жөніндегі органның 2014 жылғы 3 ақпандағы № КZ.О.16.0978 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары С.Қ. Құсайыновқа қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

150620163 Размер: 148.6 Кб
Кері кайту