15 Июня 2016

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 17 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Алматы қаласы, «Азия Метролоджи» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылғы 27 шілдедегі № KZ.П.04.0832 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары С.Қ. Құсайыновқа қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттар

150620161 Размер: 147 Кб
Кері кайту