2 Сентября 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 18 тамыздан 2016 жылғы 18 қарашаға  дейін ұзартылсын:

Астана қаласы, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ орталық зауыт зертханасы (2011 жылғы 18 тамыздағы № KZ.И.01.1223 аккредиттеу аттестаты);

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалының Балқаш қаласындағы қоршаған ортаның ластану жағдайын бақылау кешенді зертханасы (2011 жылғы 18 тамыздағы № KZ.И.10.1222 аккредиттеу аттестаты);

Астана қаласы, «Business Certification Centre» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2011 жылғы 18 тамыздағы     № KZ.О.01.0957 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

02092016 Размер: 219.8 Кб
Кері кайту