14 Июня 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 13 маусымнан 2016 жылғы 13 қыркүйекке  дейін ұзартылсын:

Семей қаласы, «Семей Цемент зауыты»  ЖШС сынақ зертханасы (2011 жылғы 13 маусымдағы № KZ.И.17.1198 аккредиттеу аттестаты);  

Атырау қаласы, «Қаспиймұнайгаз» ғылыми зерттеу институты» ЖШС тау жыныстарын петрофизиялық зерттеу зертханасы (2011 жылғы 13 маусымдағы  № KZ.И.06.1194 аккредиттеу аттестаты);

Атырау қаласы, «Қаспиймұнайгаз» ғылыми зерттеу институты» ЖШС ұңғымаларды бұрғылау технологиясының сынақ зертханасы (2011 жылғы 13 маусымдағы № KZ.И.06.1199 аккредиттеу аттестаты);

Жезқазған қаласы, «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» ШЖҚ РМК Жезқазған қаласындағы өкілдігі жылжымайтын және жылжымалы химия экологиялық зертханалары (2011 жылғығы 13 маусымдағы № KZ.И.18.1190 аккредиттеу аттестаты);

Жаңаөзен қаласы, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС  орталық зертханасы (2011 жылғығы 13 маусымдағы № KZ.И.13.0088аккредиттеу аттестаты);

Алматы қаласы, «Алматы-Стандарт» Ғылыми-Зерттеу Орталығы» ЖШС сынақ орталығы (2011 жылғығы 1 маусымдағы  № KZ.И.02.0102 аккредиттеу аттестаты);

Астана қаласы, «Қазақстан метрология институты» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасы (2011 жылғығы 13 маусымдағы  № KZ.П.01.0097 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қаласы, «Алматы-Стандарт» Ғылыми-Зерттеу Орталығы» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган (2011 жылғығы 13 маусымдағы  № KZ.О.02.0114 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

13.06.16 Размер: 290.8 Кб
Кері кайту