15 Августа 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 10 тамыздан 2016 жылғы 10 қарашаға  дейін ұзартылсын:    

Қарағанды қ., «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің«Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалының сынақ орталығы (2011 жылғы 10 тамыздағы № KZ.И.10.1219 аккредиттеу аттестаты);

Семей қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ  «Семей» филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2011 жылғы 10 тамыздағы № KZ.П.17.0164 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қаласы, «КазЮжстройсертиф» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2011 жылғығы 10 тамыздағы № KZ.О.01.0191 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

combinepdf Размер: 877.3 Кб
Кері кайту