10 Ноября 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 9 қарашадан 2017 жылғы  9 ақпанға дейін ұзартылсын:

Тараз қаласы, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Жамбыл облыстық филиалының санитарлық-гигиеналық зерттеулер сынақ зертханасы (2011 жылғы   9 қарашадағы № KZ.И.08.1239 аккредиттеу аттестаты);

Орал қаласы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми-зерттеу институтының сынақ орталығы (2011 жылғы 9 қарашадағы № KZ.И.09.0147 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

Binder1 Размер: 207.5 Кб
Кері кайту