5 Октября 2016

Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі қомиссия отырысының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 32   хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.1. Сынақ зертханасы немесе сынақ орталығы ретінде ҚP СТ ИСО/ХӘК 15189-2015 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Алматы қ., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК-ның Б.А.Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу  институтының ғылыми клиника-диагностикалық зертханасы».

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi - СТЗ) ретінде ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның «Семей» филиалының СТЗ аккредиттелсін.

2. Аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-нің СТЗ-ң аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.

3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер  Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Д.Ж. Шәріповқа қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Құжаттар

Binder1 Размер: 117.4 Кб
Кері кайту