2 Июня 2016

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 1 маусымнан 2016 жылғы 1 қыркүйекке  дейін ұзартылсын:

Орал қаласы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана»  ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасы (2011 жылғы 1 маусымдағы № KZ.И.09.0002 аккредиттеу аттестаты);  

Риддер қаласы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Риддер қаласының атмосфералық ауа ластануын бақылау зертханасы (2011 жылғы 1 маусымдағы    № KZ.И.07.1185 аккредиттеу аттестаты);

Атырау облысы, «Кентек Казахстан Техникал Сервисиз» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2011 жылғы 1 маусымдағы № KZ.П.06.1191 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына С.Қ. Құсайновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

02062016 Размер: 216.7 Кб
Кері кайту