«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 9 қаңтардан 2017 жылғы  9 сәуірге дейін ұзартылсын:

Қызылорда қ., «Құрылыс» АҚ сынақ зертханасы (2012 жылғы 9 қаңтардағы № KZ.И.12.0149 аккредиттеу аттестаты);

Атырау қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС Атырау филиалының сәйкестікті растау жөніндегі органыны (2012 жылғы 9 қаңтарындағы № KZ.О.13.0193 аккредиттеу аттестатына №1 қосымшасы).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына Д.Ж. Шәріповқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

Binder1 Размер: 186 Кб
Кері кайту