«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 29 тамыздан 2017 жылғы  29 қарашаға дейін ұзартылсын:

Ақтау қ., «Қазақ мұнай және газ ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ ғылыми зертханалық зерттеулер орталығы (2012 жылғы 29 тамыздағы № KZ.И.13.1323   аккредиттеу аттестаты);

Қызылорда қ., «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2012 жылғы 29 тамыздағы № KZ.P.12.1325 аккредиттеу аттестаты);

Ақтау қ., «Каспий Строй Консалтинг» ЖШС сынақ зертханасы (2012 жылғы 29 тамыздағы № KZ.И.13.1322 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың бірінші орынбасары С.Ш. Құрмағалиевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту