«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 28 ақпаннан 2017 жылғы  31 мамырға дейін ұзартылсын:

 Атырау облысы, «Тенгизшевройл» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2012 жылғы 29 ақпандағы  № KZ.П.06.0163 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қ., «ЖЕНИС» фирмасы ЖШС құрылыс сынақ зертханасы (2012 жылғы 29 ақпандағы № KZ.И.02.1271 аккредиттеу аттестаты);

Алматы облысы, «Арнаулы конструкторлық-технологиялық бюро «ГРАНИТ» ЖШС  салыстырып тексеру зертханасы (2012 жылғы  29 ақпандағы № KZ.И.09.1267 аккредиттеу аттестаты);           

Астана қ., «Қамқор Локомотив» ЖШС «Астана локомотив жөндеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2012 жылғы 29 ақпандағы № KZ.П.01.1249 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың бірінші орынбасары С.Ш. Құрмағалиевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту