«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 23 қаңтардан 2017 жылғы  23 сәуірге дейін ұзартылсын:

Орал қ., «Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ сынақ орталығы (2012 жылғы 23 қаңтардағы № KZ.И.09.0071 аккредиттеу аттестаты);

Атырау қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының сынақ орталығы (2012 жылғы 23 қаңтарындағы № KZ.И.06.1261 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту