«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Тәжікстан Республикасы Үкіметіндегі стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы Агенттігінің (Тәжікстандарт) Согдий стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы орталығының тағамдық және ауылшаруашылық өнімдерінің сынақ зертханасының 2012 жылғы 20 шілдедегі № KZ.И.00.1309 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 20 шілдеден 2017 жылғы  20 қазанға дейін ұзартылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту