«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. «Метрологический Центр Азии» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № KZ.И.04.1287 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 20 сәуірден 2017 жылғы   20 шілдеге  дейін ұзартылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың бірінші орынбасары С.Ш. Құрмағалиевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту