«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 20 наурыздан 2017 жылғы  20 маусымға дейін ұзартылсын:

 Тараз қ., (ЖЖФЗ) «Казфосфат» ЖШС Жамбыл филиалының «Ауа қызметі» сынақ зертханасы (2012 жылғы 20 наурыздағы  № KZ.И.08.0166 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қ., «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2012 жылғы 20 наурыздағы  № KZ.П.02.0079 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қ., «Қазақтелеком» АҚ филиалының «Алыспен байланыс» бірлестігі метрологиялық орталығының салыстырып тексеру зертханасы (2012 жылғы 20 наурыздағы  № KZ. KZ.П.02.0037 аккредиттеу аттестаты);

Атырау қ., «Атырау жылу электр орталығы» АҚ санитарлық өнеркәсіптік сынақ зертханасы (2012 жылғы 20 наурыздағы  № KZ.И.06.1274 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту