Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2), 3) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің  2017 жылғы 22 қарашадағы № 33 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Express Certification» ЖШС-нің сәйкестікті растау жөніндегі органың 2017 жылғы 17 сәуірдегі аккредиттеу аттестатының № КZ.О.02.0329  аккредиттеу саласының «электрондық, байланыс құралдары, телекоммуникация және радиологиялық өнімдер» бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту