Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы 22 қарашадағы  № 33 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1.1 Сынақ зертханалар мен орталықтар ретінде:
Алматы қ., «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» Комерциялық емес АҚ-ның инженерлік профильді зертханасы;
Самарканд қ., «Узстандарт» Агенттігінің «Самаркандский центр испытаний и сертификации» МК-ның автокөлік құралдары және олардың бөліктерінің СЗ;
Павлодар қ., «ЭНЕСКО» ЖШС-нің СЗ;
Ақтау қ., «Удостоверяющий центр Нефтегазпромсервис» ЖШС-нің СЗ;
Степногорск қ., «РЕАКТИВ» ҒЫЛЫМИ ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ ЖШС –нің СЗ;
Ақтөбе қ.,  «Изыскатель-KZ» ЖШС-нің СЗ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы ретінде:
Ақтау қ., «Zhetysu Service Partners» ЖШС-нің СТЗ;
Ақтау қ., «КАСКОР-ТРАНССЕРВИС» ЖШС-нің СТЗ;
Алматы қ., «Алматы қаласының Ақпараттық Жүйелер Орталығы» ЖШС-нің СТЗ;
1.3 калибрлеу зертханасы ретінде Тараз қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» (ҰССО) АҚ-ның Жамбыл филиалы;
2. Медициналық зертханасы ретінде ҚР СТ ISO 15189-2015  талаптарына сәйкес Орал қ., Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК-ны аккредиттелсін.
3. Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органы (әрі қарай – П СРО) ретінде ГОСТ ISO/IEC 17024-2015 талаптарына сәйкес Астана қ., «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы аккредиттелсін.
4. Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу:
4.1 аккредиттеу саласын кеңейтуіне байланысты:
Таукент елді-мекені, «Қазақстандық-француздық «Катко» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-нің физика-химиялық зертханасы;
Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» (ҰССО) АҚ-ның Атырау филиалының СРО;
Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» бұзбай бақылау зертханасы;
Тараз қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» (ҰССО) АҚ-ның Жамбыл филиалының СТЗ;
Көкшетау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» (ҰССО) АҚ-ның Ақмола филиалының СТЗ;
Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-нің СТЗ;
Лисаковск қ., «Водочет» ЖШС-нің СТЗ.
4.2 реорганизияға байланысты:
Алматы қ., Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ШЖҚ «Тоспа Су» МКК-ның сынақ зертханасының физика-химиялық бөлімшесі Алматы қ., Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ШЖҚ «Алматы Су» МКК-ның сынақ зертханасының физика-химиялық бөлімшесіне алмастырылсын.
4.3 келесі аккредиттеу субъектілердің орналасқан жерінің атауының ауысуына байланысты:
Қарағанды қ., «ВЦ Консалтинг-Сертифик» ЖШС-нің СЗ;
Қарағанды қ., «ВЦ Консалтинг-Сертифик» ЖШС-нің СРО.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарды және керегінше аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қосымша келісімдерге қол қойылсын.
5.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту