Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы 8 қазандағы  32 және 32/1 хаттамалар негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін: 
1.1 Сынақ зертханалар мен орталықтар ретінде:
Ақтау қ., «Сейболт Инспекшн Сервисез Казахстан» ЖШС-нің СЗ;
Орал қ., «ENBEK GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС-нің СЗ;
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК «Минералды шикізат қорларын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі сынақ зертханасы (МШҚКИ ИБСЗ);
Күлсары қ., Атырау облысы, «Смарт  Сервис  Казахстан» ЖШС-нің СЗ; 
Ақтау қ., «ДостарТехСервис» ЖШС-нің СЗ;
Ақтау қ., «Қазақ мұнай және газ ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның ғылыми зертханалық зерттеулер орталығы.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы ретінде: 
Қарағанды қ., «Проливная система» ЖШС-нің СТЗ;
Алматы қ., «Альянс Строй Сервис ЛТД» ЖШС-нің СТЗ;
Алматы қ., «Центр по Сертификации и метрологии» ЖШС-нің СТЗ;
Павлодар қ., «ЭкоМетр» ЖШС-нің СТЗ;
Екібастұз  қ., «Богатырь Көмір» ЖШС-нің СТЗ.
1.3 калибрлеу зертханасы ретінде:
Ташкент қ., «Uzbekistаn Airways Technics» Авиакәсіпорнының Зертханалық-метрологиялық қамтамасыз ету орталығының Базалық метрологиялық қызметінің КЗ;
Орал қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалының КЗ.
2. Менеджмент жүйесі бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган  (әрі қарай – МЖ СРО) ретінде ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
Астана қ., «Capital managment» ЖШС-нің МЖ СРО;
Алматы қ., «ОПС QM» ЖШС-нің МЖ СРО.
3. Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу:
3.1 аккредиттеу саласын кеңейтуіне байланысты:
Қарағанды қ., «Караганда ТехноСервис» ЖШС-нің СО;
Алматы қ., «ECOTERA» ЖШС-нің СЗ; 
Орал қ., «Орал-Жер» ЖШС-нің СЗ;
Алматы қ., «Центр Консалтинг» ЖШС-нің СЗ;
Балқаш қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Қазақмыс-IT-Автоматика» өнеркәсіптік кешенінің Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелер департаментінің «Қазмысавтоматика» мамандандырылған кәсіпорнының Балқаш автоматика цехінің өлшеу құралдарын салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Казэкспоаудит» ЖШС-нің СРО; 
Алматы қ., «ТЕКС» ЖШС-нің МЖ СРО.
3.2 аккредиттеу саласын азаюуына байланысты:
Көкшетау қ., «Кросс-2» ЖШС-нің СЗ;
Астана қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның калибрлеу зертханасы.
3.3 СТ РК ISO 9001-2016, СТ РК ISO 14001-2016 талаптарына сәйкес сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесіне ауысуына байланысты:
Алматы қ., «КазСертЦентр» ЖШС-нің МЖ СРО;
Алматы қ., «ТЕКС» ЖШС-нің МЖ СРО.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарды және керегінше аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қосымша келісімдерге қол қойылсын. 
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту