Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы 12 қазандағы  № 30 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1.1 Сынақ зертханалар мен орталықтар (әрі қарай – СЗ немесе СО) ретінде:
Ақсай қ., «Аксай железо-бетон» ЖШС-нің СЗ;
Шымкент қ., «Экофарм Интернейшнл» ЖШС-нің СО;
Алматы қ., «Өнеркәсіптегі қауіпсіздік ғылыми-инженерлік орталығы» ЖШС-нің СЗ;
Көкшетау қ., «Промбезтехнологии» ЖШС-нің СЗ;
Алматы қ., ТОО «АЗКА КОНСАЛТИНГ-СЕРВИС» ЖШС-нің жабдықтарды техникалық бақылау және диагностика сынақ зертханасы;
Астана қ., «General Survey Inspection Co Ltd» ЖШС-нің СЗ;
Алматы қ., «BADO Legal advisers» ЖШС-нің СЗ.
1.2 калибрлеу зертханасы ретінде «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-і
2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган  (әрі қарай – СРО) ретінде ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
Алматы қ., «Инфосерт» ЖШС-нің СРО;
Көкшетау қ., «Безопасность продукции» ЖШС-нің СРО.
3. Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу:
3.1 аккредиттеу саласын кеңейтуіне байланысты;
Петропавл қ., «СЕВКАЗЭНЕРГО» ЖШС-нің СО;
Астана қ., «Жаңа ғасыр 2030» ЖШС-нің СТЗ.
3.2 ұйымдардың орналасқан жеріннің өзгеруіне байланысты:
Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласындағы аумақтық филиалының сынақ зертханасы.
 4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарды және керегінше аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қосымша келісімдерге қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту