Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы  27 қаңтардағы № 3 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі ұйымдар аккредиттелсін:

1.1 ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (бұдан әpi – СЗ, СО) ретінде:

Алматы қ.,  «Эдельвейс Транс» ЖШС-нің СЗ;

Алматы қ., «Центр Консалтинг» ЖШС-нің аналитикалық зертханасы;

Петропавл қ., «Петропавловская нефтебаза» ЖШС-нің СЗ;

Ақсу қ., «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның аналитикалық-өлшеу зертханасы;

Тараз қ., «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» РММ-нің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы.

2. Келесі аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын қайта рәсімделсін:

2.1 Аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Астана қ., «Тау-Кен Алтын» ЖШС-нің СЗ ;

Алматы қ., «Sativ Ecology» ЖШС-нің СЗ;

Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы;

Алматы қ., «Expert Certification Kazakhstan» ЖШС-нің менеджмент жүйесін сәйкестікті растау жөніндегі органы (бұдан әрі – МЖ СРО).

2.2 Аккредиттеу обылысының қысқаруына байланысты:

Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ның физика-химиялық зерттеулер сынақ орталығы.

2.3 ҚР СТ ISO/IEC 17021:2015 талаптарына өтуіне байланысты:

Талдықорған қ., «Талдыкорганский центр сертификации и экспертизы» ЖШС-нің МЖ СРО.

3. Алматы қ.,  «Центр сертификации «InterCert» ЖШС-нің МЖ СРО ҚР СТ ISO/IEC 17021:2015 талаптарына өтуіне байланысты өткізілген инспекциондық бақылау нәтижесі жұмыста ескерілсін.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту