«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 10 тамыздан 2017 жылғы  10 қарашаға дейін ұзартылсын:

«АЗКА КОНСАЛТИНГ-СЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жабдықтарды техникалық бақылау және диагностика сынақ зертханасы (2012 жылғы 10 тамыздағы № KZ.И.02.1314  аккредиттеу аттестаты);

«ЭКОС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мобильдік сынақ зертханасы (2012 жылғы 10 тамыздағы № KZ.И.01.1315 аккредиттеу аттестаты);

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту