«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 30 шілдеден 2017 жылғы  30 қазанға дейін ұзартылсын:

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Минералды шикізат қорларын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі сынақ зертханасы (МШҚКИ ИБСЗ) (2012 жылғы 30 шілдедегі  № KZ.И.10.1311  аккредиттеу аттестаты);

«ОПС QM» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2012 жылғы 30 шілдедегі  № KZ.О.02.0964 аккредиттеу аттестаты);

«Центр сертификации продукции, услуг в г. Астана» ЖШС сынақ орталығы (2012 жылғы 30 шілдедегі  № KZ.И.01.1310 аккредиттеу аттестаты)

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту