Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы  23 қаңтардағы № 2 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі ұйымдар аккредиттелсін:

1.1 ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (бұдан әpi – СЗ, СО) ретінде:

Орал қ., «Елжас» ЖШС-нің СЗ;

Ақтөбе қ., «Восход Хром» ЖШС-нің тахникалық бақылау бөлімінің СЗ;

Өскемен қ., «Normal Work» ЖШС-нің СЗ;

Орал қ., «Уральский Каздорпроект» ЖШС-нің СЗ;

Оңтүстік Қазақстан обылысы, «Оңтүстік Тау химиялық компаниясы» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС-нің «Оңтүстік Инкай» кенорның физико-химиялық зертханасы;

Өскемен қ., Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК-ның бақылау-сынақ орталығы;

Орал қ., «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми-зерттеу институтының сынақ орталығы;

Астана қ., «Казпромдиагностика» ЖШС-нің (жылжымалы) бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика зертханасы.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы ретінде Көкшетау қ., «Altyntau Kokshetau» АҚ-ы ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009  талаптарына сәйкес аккредиттелсін.

1.3 Калибрлеу зертханасы ретінде (бұдан әрі - КЗ) ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009  талаптарына сәйкес келесі  ұйымдар аккредиттелсін:

Көкшетау қ., «Altyntau Kokshetau»АҚ-ның КЗ;

Ақтау қ., «KazCert International» ЖШС-нің КЗ.

2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес Алматы қ.,  «ЦеЛСИМ» ЖШС-нің сәйкестікті  растау жөніндегі орган ретінде аккредиттелсін.

3. Келесі аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын қайта рәсімделсін:

3.1 Аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Ақтау қ., «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС-нің химия-аналитикалық орталығының сынақ зертханасы;

Өскемен қ., «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның сынақ орталығы;

Ақтау қ., «KazCert International» ЖШС-нің СТЗ; 

Ақтау қ., «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты –Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің СТЗ;

Қарағанды және Атырау қ., «НПО Дефектоскопия» ЖШС-нің металдарды бақылау және балқытып біріктіру сынақ зертханасы.

3.2 Аккредиттеу обылысының қысқаруына байланысты:

Атырау  қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Атырау филиалының СРО.

3.3 Аккредиттеу субъектілерінің орналасқан мекен жайының өзгеруіне байланысты:

Алматы қ.,  «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС-нің СО;

Алматы қ.,  «Radio Wave Service» ЖШС-нің СЗ;

3.3.1 Аккредиттеу субъектілерінің орналасқан мекен жайының өзгеруіне және ГОСТ ИСО/ХЭК 17025-2009 талаптарына өтуіне байланысты Астана қ.,  

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Жол диагностикалық орталығы» филиалының Астана салыстырып тексеру зертханасы.

3.4 ҚР СТ ISO/IEC 17021:2015 талаптарына өтуіне байланысты:

Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС-нің МЖ СРО;

Алматы қ., «Казахстанский центр сертификации» ЖШС-нің МЖ СРО.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту