Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 19 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Алматы қ., «Б.БРАУН МЕДИКАЛ КАЗАХСТАН» ЖШС-нің салыстырп тексеру зертханасы 2014 жылғы 26 желтоқсандағы  № KZ.П.02.1565 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту