Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің  2017 жылғы 01 маусымдағы № 16 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қаласы, «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің сынақ зертханасының  2016 жылғы 2 ақпандағы № KZ.И.02.1134 аккредиттеу саласының «су және жер қыртысының радиоактивтілік көрсеткіштері» бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту