Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2017 жылғы 05 мамырдағы № 13 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Атырау қ. «Алдияр Ойл» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылғы 03 сәуірдегі № KZ.П.06.0252 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін және аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту