Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 1-тармағына сай және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 5 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Жезқазған филиалының МЖ СРО № КZ.О.01.0318 2014 жылғы 02 cәуіріндегі №1 қосымшасы бойынша аккредиттеу аттестатының қызмет аумағы қысқартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Кері кайту