Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы  26 сәуірдегі № 12 хаттамалар негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

1.1 Сынақ зертханалар мен орталықтар ретінде:

Атырау қ., «RBM Sweco Productions» ЖШС-нің СЗ;

Атырау обл., «КАЗ-НДТ-Сервис» ЖШС-нің СЗ;

Ақтөбе қ., «Техносервис» ЖШС-нің бұзбай бақылау зертханасы;

Атырау қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің  «Ұлттық сараптама орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;

Орал қ., «Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ-ның СО.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы ретінде (бұдан әpi - СТЗ) Алматы қ.,

«Метрологический Центр Азия» ЖШС-і.

1.3 Калибрлеу зертханасы ретінде Астана қ., «ГОСТСТАНДАРТ» ЖШС-і.

2. СТ РК ISO/IEC 17021-1-2015 талаптарына сәйкес Алматы қаласы, «Metrology Certification» ЖШС-нің МЖ СРО;

3. Келесі аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын қайта рәсімделсін:

3.1 Аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Өскемен қ., «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-нің СО;

Щучинск қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің  «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының Бурабай аудандық бөлімшесінің СО;

Теңіз мұнай кеніші, Атырау облысы, «Тенгизшевройл» ЖШС-нің орталық зауыт зертханасы;

Қарағанды қ., «ЭкоНус» ЖШС-нің СЗ;

Ақтау қ., «Казпромавтоматика» ЖШС-нің СТЗ.

3.2 Аккредиттеу облысының қысқаруына байланысты:

Абай ауылы, Алматы обл., «АНТИГЕН» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРНЫ» ЖШС-нің сынақ орталығы;

Атырау обл., «Gidromet Ltd» Ақпараттық өндірістік орталығы» ЖШС-нің СЗ.

3.3 аккредиттеу субъектілердің орналасқан мекен жайының өзгеруіне байланысты:

Алматы қ., «Казахювелир» АҚ-ның СЗ;

Атырау қ., «Батыс Серт» ЖШС-нің  МЖ СРО.

3.4 Ақтау қ., «КазАзот» ЖШС-нің СО Ақтау қ., «КазАзот» АҚ-ның СО-на  реорганизациядан өткендіктен.

4. Алматы қ., «Учебно-сертификационный центр КазАТО» ЖШС-нің СТЗ ресми мекен жайының өзгеруіне байланысты өзгерісті  жұмыста ескерілсін.

5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) сәйкестікті бағалау басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарды және керегінше аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қосымша келісімдерге қол қойылсын.

5.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту