Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы  3 наурыздағы № 8 хаттамалар негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:

1.1 Сынақ зертханалар мен орталықтар  ретінде:

Қызылорда қ., Қызылорда облыстық  филиалы «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК сынақ зертханасы;

«Ақтөбе қ., «Мунайгаз инжиниринг ЛТД» Ғылыми өндірістік фирмасы» ЖШС сынақ зертханасы;

Жезқазған қ., «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК Жезқазған қаласындағы өкілділігінің химиялық-экологиялық стационарлық және жылжымалы зертханасы;

Алматы қ., «Женис» фирмасы ЖШС-нің құрылыстық сынақ зертханасы;

Ақтөбе қ., «ЗапКаз Экспертиза» ЖШС-нің диагностикалық зерттеу және сапа қадағалау зертхансы;

Қостанай қ., «Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» Қостанай филиалының сынақ зертханасы;

Қарағанды қ., «Promfactor» ЖШС-нің сынақ зертханасы;

Алматы қ., «RF fire group» ЖШС-нің физикалық факторлар зертханасы.

1.2 Салыстырып тексеру зертханасы ретінде:

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон-1., «Тенгизшевройл» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы;

Алматы қ., «СКБТ «Гранит» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы. 1.3 Калибрлеу зертханасы ретінде (бұдан әрі- КЗ)                            .

2. Келесі аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын қайта рәсімделсін:

2.1 Аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Алматы қ. «ТЕКС» ЖШС сертификаттау сынақ зертханасы;

Қызылорда қ. «ECO GUARD» сынақ зертханасы.

2.1.1 Мекен-жай атауының өзгеруіне байланысты:

Атырау қаласы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талдама зертханасы» ЖШС- сі Атырау қаласы, Химиктер поселкесі бағытындағы автокөлік жолы бойы №22 жер учаскесі  Атырау қаласы, Оңтүстік өндірістік аймағы №22;

«Рауан Налко» ЖШС-нің сынақ зертханасы Атырау қаласы, Солтүстік Өнеркәсіп аймағы, 14.

3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) сәйкестікті бағалау басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарды және керегінше аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қосымша келісімдерге қол қойылсын.

3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын бас директордың орынебасары М.А. Өмірхановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту