Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 7 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Алматы қаласы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ШЖҚ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК-ның ШЖҚ «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» ЕМК-ның «Материалдар және процесстер механикасын зерттеу» сынақ зертханасының 2016 жылғы 05 сәуірден № KZ.И.02.1717 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын бас директордың орынебасары М.А. Өмірхановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту