Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 7 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Атырау қаласы, «KAZ-EN»  ЖШС-нің бұзбайтын бақылайтын сынақ зертханасының 2016 жылғы 10 наурыздағы № KZ.И.06.1109 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын бас директордың орынбасары М.А. Өмірхановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту