Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Алматы қаласы, «КазСертТест» ЖШС Алматы қаласындағы филиалының «ТехТест» сынақ зертханасының 2015 жылғы 27 қазандағы  № KZ.И.02.1657  аккредиттеу аттестатының қосымшасы аккредиттеу саласының «дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы 018/2011 КО ТР» бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту