«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 15 ақпаннан 2017 жылғы  15 мамырға дейін ұзартылсын:

 Тараз қ., «Казфосфат» ЖШС калибрлеу зертханасы (2012 жылғы 15 ақпандағы  № KZ. К.08.0182 аккредиттеу аттестаты);

 Өскемен қ., «Өскемен жылу жүйелері» АҚ қоршаған ортаны қорғау зертханасы (2012 жылғы 15 ақпандағы № KZ.И.07.1268 аккредиттеу аттестаты);

Орал қ., «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы (2012 жылғы 15 ақпандағы № KZ.И.09.1267 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту