Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 9 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Астана қ. «Гео Терр» ЖШС-нің сынақ зертханасының 2013 жылғы 15 мамырдағы № KZ.И.01.1384  аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін және аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары М.А. Өмірхановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту