Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 14 ақпандағы № 5 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Талдықорған қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның сынақ орталығының 2014 жылғы 03 қазандағы № КZ.И.04.0544  аккредиттеу аттестатының қосымша ретінде «Автокөлік құралдары» аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғыртылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары М.А. Өмірхановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту