Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы  17 ақпандағы № 5 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес салыстырып тексеру зертханасы (бұдан әpi – СТЗ) ретінде келесі ұйымдар аккредиттелсін:

Агадырь кенті, Қарағанды обл., «Локомотив – Транс 2011» ЖШС-нің СТЗ;

Астана қ., «Нұр-электро» ЖШС-нің СТЗ.

2. Келесі аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын қайта рәсімделсін:

2.1 Аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Тараз қ., «Совместное предприятие СреднеАзиатский Центр Сертификации железнодорожного транспорта» ЖШС-нің сәйкестікті растау жөніндегі органы;

Алматы қ., «МедЭксперт Казахстан» ЖШС-нің СТЗ.

2.1.1 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» ШЖҚ РМК-ның инфокоммуникациялық технологиялар қауіпсіздігінің зертханасы  аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» ШЖҚ РМК-ның инфокоммуникациялық технологиялар қауіпсіздігінің зертханасына атауының өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.

2.2 аккредиттеу облысының қысқаруына байланысты:

Алматы қ., Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» ШЖҚ РМК-ның «Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ ЕМК-ның сынақ зертханасы;

Астана қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның орталықтық сәйкестікті растау жөніндегі органы.

2.3 Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы «Алматы-Стандарт» ЖШС-нің сынақ орталығының орналасқан мекен жайының өзгеруіне байланысты.

2.4 Алматы қ., «QS Azia Sertik» ЖШС-і менеджмент жүйесін сәйкестікті растау жөніндегі органдардың ҚР СТ ISO/IEC 17021:2015 талаптарына өтуіне байланысты.

2.5 Атырау қ., «Атырауинжстрой»ЖШС-нің сынақ зертханасының орналасқан мекен жайының атауы өзгеруіне байланысты.

3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) сәйкестікті бағалау басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарды және керегінше аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қосымша келісімдерге қол қойылсын.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын бас директордың орынебасары М.А. Өмірхановқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту