Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы  № 37/1  хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін: 
1.1 Сынақ зертханалар мен орталықтар ретінде:
Астана қ., Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» ММ-нің СЗ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы ретінде: 
Баку қ., «Optimum Metrology Services»ЖШҚ-ның СТЗ.
1.3 калибрлеу зертханасы ретінде:
Баку қ., «Optimum Metrology Services» ЖШҚ-ның калибрлеу зертханасы.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын. 
2.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту