Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 06 ақпандағы № 4 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Орал қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысының филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылғы 13 шілдедегі № KZ.П.09.0844 аккредиттеу аттестатының  қосымшасы ретінде аккредиттеу облысының геометриялық өлшем бөлігі қайта жаңғыртылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту