Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы желтоқсандағы  № 35 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі сынақ зертханалар аккредиттелсін:
1.1 Сынақ зертханалар мен орталықтар ретінде:
Астана қ., «Nomad Eco» ЖШС-нің СЗ;
Орал қ., «Карачаганак Партнер» ЖШС-нің СЗ;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның  Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалдын ауаның ластану мониторингі зертханасы.
Астана қ., «САПА СЗ» ЖШС-нің СЗ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы ретінде:
Кульсары қ. «Кульсарыгаз» ЖШС-нің СТЗ.
1.3 калибрлеу зертханасы ретінде:
Алматы қ., Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазақстан метрология институты»  ШЖҚ РМК-ның Оңтүстік Қазақстан филиалы калибрлеу зертханасы.
2. Медициналық зертханасы ретінде ҚР СТ ISO 15189-2015  талаптарына сәйкес «КДЛ «ОЛИМП» ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстанның филиалының медициналық зертханасы.
3. Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу:
3.1 аккредиттеу саласын кеңейтуіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның Атырау облысының СЗ;
Алматы қ., «Казэкоанализ» ЖШС-нің СЗ;
Өскемен қ., ТОО «КазЦинк» ЖШС-нің ССО;
Астана қ. «Казахстанская аграрная экспертиза» АҚ-ның ОСЗ;
 Павлодар қ., Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Павлодар облысы бойынша филиалдын СЗ;
Өскемен қ., «Азиатская эколого-аудиторская компания», ЖШС-нің СЗ;
Хромтау қ., «Восход Хром» ЖШС-нің СЗ;
Ақтау қ. «PetroSnabService» , ЖШС-нің СЗ.
3.2. СТ РК ISO 9001-2016, СТ РК ISO 14001-2016 талаптарына сәйкес сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесіне ауысуына байланысты:
Талдықорған қ., «Талдыкорганский центр сертификации и экспертизы» ЖШС-нің МЖ СРО
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп басқармасы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарды және керегінше аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қосымша келісімдерге қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту