Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 06 ақпандағы № 4 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Ақтөбе қ., «Манар» ЖШС-нің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2014 жылғы 14 қарашасындағы № KZ.О.05.0580  аккредиттеу аттестатының қосымша ретінде «ТР ТС 010 жататын өнімдер  бөліктері» аккредиттеу саласы қайта жаңғыртылсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін және аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін және берілсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту