Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу материалдарын қарастыру жөніндегі Комиссия мәжілісінің 2016 жылғы 06 ақпандағы № 4 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Астана қаласы, «ПГС Инжиниринг»  ЖШС-нің бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика сынақ зертханасының 2016 жылғы 11 сәуірден  № KZ.И.01.1720 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.

3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту