Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу жөніндегі қомиссия отырысының 2017 жылғы  06 ақпандағы № 4 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі ұйымдар аккредиттелсін:

1.1 ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (бұдан әpi – СЗ, СО) ретінде:

Астана қ., «Астана-Энергия» ЖШС-нің СЗ;

Тараз қ., «Тараз-Эко-Проект» ЖШС-нің СЗ.

2. Келесі аккредиттеу субъектілердің аттестаттарын қайта рәсімделсін:

2.1 Аккредиттеу облысының кеңеюіне байланысты:

Қостанай қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің  «Ұлттық сараптама орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;

Алматы қ., «STD products» ЖШС-нің СЗ;

Шымкент қ., «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-нің СЗ;

Алматы қ., «STD products» ЖШС-нің сәйкестікті растау жөніндегі органы.

2.2 Келесі менеджмент жүйесін сәйкестікті растау жөніндегі органдардың ҚР СТ ISO/IEC 17021:2015 талаптарына өтуіне байланысты:

Астана қ., «Столичный центр качества и метрологии» ЖШС-і;

Астана қ., «М-Company KZ» ЖШС-і.

2.3 Астана қ., «Центр сертификации «Даму» ЖШС-нің менеджмент жүйесін сәйкестікті растау жөніндегі органның заңды және орналасқан мекен жайының өзгеруіне байланысты.

3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер

Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Кері кайту