«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 4 желтоқсаннан 2018 жылғы  4 ақпанға дейін ұзартылсын:

Қызылорда облысы, «СКЗ-U» ЖШС сынау зертханасы (2012 жылғы 4 желтоқсандағы  № KZ.И.12.1346 аккредиттеу аттестаты);

Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің«Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн)  ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2012 жылғы 4 желтоқсандағы  № KZ.П.07.1347 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту