«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2016 жылғы 26 желтоқсаннан 2017 жылғы  26 наурызға дейін ұзартылсын:

Жамбыл облысы, «Алтыналмас» Акционерлік компаниясы» АҚ сынамалы-сараптамалық зертханасы (2011 жылғы 26 желтоқсандағы № KZ.И.08.1254 аккредиттеу аттестаты);    

Алматы қаласы, «Инфекцияға қарсы преператтар ғылыми орталығы» АҚ сынақ орталығының (2011 жылғы 26 желтоқсандағы № KZ.И.02.1252 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасарына Д.Ж. Шәріповқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Құжаттар

Binder1 Размер: 191.7 Кб
Кері кайту