«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 16 мамырдан 2017 жылғы  16 тамызға дейін ұзартылсын:

 Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының сынақ орталығы (2012 жылғы 16 мамырдағы  № KZ.И.14.1293 аккредиттеу аттестаты);

Алматы қ., «SED» ЖШС экологиялық зерттеулер сынақ зертханасы (2012 жылғы  16 мамырдағы  № KZ.И.02.1295 аккредиттеу аттестаты);

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту