«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 13 сәуірден 2017 жылғы  13 шілдеге дейін ұзартылсын:

 Маңғыстау облысы, «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС сынақ зертханасы (2012 жылғы 13 сәуірдегі  № KZ.И.13.1281 аккредиттеу аттестаты);

Тараз қ., «Казфосфат» ЖШС бақылау және техникалық диагностика зертханасы (2012 жылғы  13 сәуірдегі   № KZ.П.08.0165 аккредиттеу аттестаты);

Шымкент қ., «Туран Бизнес Групп»  ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган (2012 жылғы 13 сәуірдегі   № KZ.О.16.0963 аккредиттеу аттестаты).

2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың бірінші орынбасары С.Ш. Құрмағалиевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту