«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу
аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 3 қарашадан 2018 жылғы  3 ақпанға дейін ұзартылсын: 
Павлодар қ., «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС орталық зауыт зертханасының санитарлық зертханасы (2012 жылғы 5 қарашадағы   № KZ.И.14.1343   аккредиттеу аттестаты); 
Астана қ., «Collateral Management International» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2012 жылғы 5 қарашадағы № KZ.О.01.0965 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың бірінші орынбасары С.Ш. Құрмағалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Кері кайту