Қаржыландыру туралы ақпарат

АО қызметі өзін өзі қаржыландыру негізінде жүзеге асырылады.
Аккредиттеу саласында жүргізілетін жұмыстарға еңбек шығынын есептеу ҚР СТ 7.9. белгіленген.
Аккредиттеу саласындағы барлық қызмет аккредиттеу өтінім берушісімен/субъектісімен шарт негізінде жүзеге асырылады.
АО кіріс көзі болып мыналар табылады:
  • Аккредиттеу бойынша қызметті жүзеге асырудан кірістер өтінім берушілер және аккредиттеу субъектілерімен шартқа сәйкес; 
  • АО ұйымдастыратын  конференцияларда, бағалаушыларды оқыту курстарында және басқа семинарларда қатысу үшін төлемдер;
  • мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаржыландырулар.
Шығыс көздері болып мыналар табылады:
  • АО персоналының еңбекақысы; 
  • тартылатын персоналдың төлемі; 
  • АО персоналының сыртқы курстарға, оқыту семинарларына және т.б. қатысуға шығыстары; 
  • ЕА, ILAC, IAF мүшелік үшін АО жыл сайынғы жарналары; 
  • аккредиттеу саласындағы ассамблеялардың, ғылыми-техникалық комиссиялардың, халықаралық және өңірлік ұйымдардың отырыстарына қатысу; 
  • халықаралық және өңірлік ынтымақтастық шеңберінде АО шетелдік бағалаушылардың сапарларымен байланысты шығыстар; 
  • АО құжаттарын әзірлеумен немесе АО басқа жарияланымдарын дайындаумен және басып шығарумен, халықаралық және өңірлік ұйымдар қабылдаған құжаттарды аударумен байланысты шығыстар; 
  • БАҚ-да басылымдар және интернетте ақпарат орналастыруға шығыстар. 
АО кірістері мен шығыстарын көрсететін құжаттарды Қаржылық талдау және бухгалтерлік есепке алу бөлімі жүргізеді.