Аккредиттеу жөніндегі орган:

    1. Құқылы:

аккредиттеу, сәйкестікті растау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және аккредиттеу жөніндегі жұмысқа қатысуға басқа мамандарды тартуға;

  • аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға;
  • салыстырмалы сынақтар және өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыруға;
  • инспекциялық тексерулер жүргізуге.

     2. міндетті:

  • аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;
  • аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
  • аккредиттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді жариялауға жол бермеуге;
  • аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
  • веб-сайт жүргізуге, оған аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;
  • аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға;
  • аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда жұмыс үш күн ішінде жазбаша бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға;
  • аккредиттеу аттестатарын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектендіру туралы өтінімдерді қарауға;
  • аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға, осы Заңмен қарастырылған негізде және тәртіпте аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;