ca0beb1117-min.jpg

Ұлттық аккредиттеу орталығы туралы

Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған (ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы  №773 «Аккредиттеу жөніндегі органдарды анықтау туралы» қаулысы) сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу жөніндегі жалғыз ұлттық орган болып табылады.

ҰАО өз қызметін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу туралы» Заңына, ИСО/МЭК ҚР СТ 17011-2006 «Сәйкестікті бағалау бойынша органдарды аккредиттеу және бағалауды жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптар» стандартына, ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сонымен қатар аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым талаптарына сәйкес жүзеге асырады.


Халықаралық аккредиттеу ұйымдары
1          477c15106a77af3892a4ac1a56bbe0b5.png

2010 жылдан бастап – Ұлттық аккредиттеу орталығы Халықаралық зертханаларды аккредиттеу ынтымақтастығының толық құқықты мүшесі және (ISO/IEC 17025) Сынақ және калибрлеу зертханаларын аккредиттеу бойынша ILACMRA өзара тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылады.

ILAC MRA  келісімшарты  Жүктеу

2     ee965d958e013669fd4265419c24c84f.png

2013 жылдан бастап – Ұлттық аккредиттеу орталығы IAF Халықаралық аккредиттеу форумының толық құқықты мүшесі және (ISO/IEC 17065) Өнімдерді сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі IAF MLA көп жақты тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылады.

IAF MLA келісімшарты  2013 жыл. Жүктеу

2017 жылдан бастап – Ұлттық аккредиттеу орталығы (ISO/IEC 17021 (9001)) Менеджмент жүйесін сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі IAF MLA көп жақты тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылады.    

IAF MLA келісімшарты 2017 жыл. Жүктеу



Өңірлік аккредиттеу органдары
 487b7a3d54bcc3e8a5466aa50e8803fa.png

2012 жылдан бастап – Ұлттық аккредиттеу орталығы PAC Тынық мұхиттық аккредиттеу ынтымақтастығының толық құқықты мүшесі және (ISO/IEC17065) Өнімдерді сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі PAC MLA көп жақты тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылады.

PAC MLA келісімшарты 2012 жыл   Жүктеу

2017 жылдан бастап – Ұлттық аккредиттеу орталығы (ISO/IEC 17021 (9001) Менеджмент жүйесін сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі және (ISO/IEC 17024) қызметкерді сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі PAC MLA көп жақты тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылады.

PAC MLA келісімшарты  2017 жыл   Жүктеу 

       b915d48579659ffdc1deecf2d75ae4b8.png 

2017 жылдан бастап – Ұлттық аккредиттеу орталығы APLAC Азия-Тынық мұхиттық зертханаларды аккредиттеу ынтымақтастығының толық құқықты мүшесі және (ISO/IEC 17025) Сынақ және калибрлеу зертханаларын аккредиттеу жөніндегі APLAC MRA өзара тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылады.     

APLAC келісімшарты  Жүктеу